Түркістан қаласы ПБ-ның Жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторлары тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында күнделікті рейдтік жұмыстарды жүргізіп отырады. Осындай кезекті бір жұмыс күні өздеріне бөлінген аумақта жұмыс атқару барысында күндізгі сағат 16:40 шамасында Түркістан қаласы Тәуке хан даңғылының бойында орналасқан сауда орталығының алдында жасөспірім қыздың жылап тұрғанын көреді. Түркістан қаласы Полиция басқармасының ЖПҚБ УПИ полиция капитандары Олжас Ерсұлтанов пен Мақсат Тұрсынбекұлы орын алған жайтты одан әрі анықтау мақсатында қыздың аты-жөнін, жас шамасын сұрайды. Жасөспірім қыздың 9 жаста екенін және адасып қалғанын біліп, бірден анасын іздеуге кіріседі. Осылайша арада небары 20 минут өтер-өтпес анасын тауып, қызымен қауыштырады. Белгілі болғандай анасы өзінің шаруаларымен базарда жүрген. Ал үйде отырған үлкен қызына 9 жасар қызын базарға салып жіберуін тапсырып, өзінің күтіп алатынын айтқан. Содан соң қала аумағын толық білмейтін жасөспірім қызды әпкесі таксиге отырғызып, базар аялдамасынан түсіп қалу керектігін түсіндірген. Алайда қыз таксиден аялдамаға жетпестен түсіп қалып, анасынан адасып қалған. Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға қырағы болуды және балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Балаларыңыз немесе жақындарыңыз адасып, жоғалған жағдайда, тез арада «102» телефоны арқылы полицияға хабарласыңыздар.
Түркістан облысы ПД