Құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, Түркістан облысы ПД ЖПҚ Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушілерінде төленбеген айыппұлдары бар көлік құралдарын анықтауда.
Мәселен Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығынан поилцейлерге «Қорғау-қауіпті жүргізуші» бағдарламасы арқылы «Лада 21114» маркалы автокөлігіне дабыл келіп түсті. Онда көліктің 1 миллион теңгеден астам берешегі бары көрсетілген.
Патрульдік полиция инспекторлары қызмет атқару барысында, аталмыш көлікті Сарыағаш ауданындағы «Сарыағаш-Жетісай-Жібек жолы» тас жолында тоқтатты. Тәртіп сақшылары автокөлікті айыптұраққа кіргізіп, жүргізушімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тәртіп сақшылары бірнеше сағаттан кейін 4,5 миллион теңге қарызы бар тағы бір жүргізуші-борышкерді анықтады.
Жедел басқару орталығына «Қорғау» бағдарламасы мен «Сергек» камералары арқылы «Мерседес-Бенц» автокөлігіне дабыл түсті. Аталған көлікті тоқтату үшін патрульдік полиция қызметкерлеріне нақты деректер берілді.
Нәтижесінде тәртіп сақшылары «Сарыағаш-Жетісай-Жібек жолы» автожолының 213 шақырымында «Мерседес-Бенц» автокөлігін тоқтатып, айыптұраққа қойды. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері автокөлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады. Сондай-ақ салынған айыппұлдарды уақтылы төлеу қажеттігін ескертеді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі