Шардара АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясының инспекторы полиция майоры Бекмұхамбет Теңгебаев, Шардара су қоймасынан браконьердің ұсталғаны жөнінде хабарлама жасады.Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері браконьердің су қоймасында балық аулайтын ау торымен заңсыз балық аулап жатқанын анықтады. Браконьерден айғақты заттар тәркіленіп алынды. Сондай-ақ тексеру барысында күдікті азаматтың Шардара қаласының тұрғыны екені белгілі болды. Полиция қызметкерлері күдіктіні істің барлық мән-жайын анықтау үшін аудандық полиция бөліміне жеткізді. Одан 110 келіден астам балық пен балық аулау құралдары алынды.Қазіргі уақытта аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз балық аулау, сондай-ақ Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді жою заң аясында жауапқа тартылатынын еске салады.
ТО ПД баспасөз қызметі