Облыс орталығы-Түркістан қаласының полиция басқармасында қыз-келіншектерге арналған мерекелік іс-шара өтті. Жиынның алғашқы құттықтауын полиция полковнигі Бауыржан Жанаев алып, әйелдер қауымына өзінің жүрекжарды тілегін арнады:
«Қазіргі таңда біздің салада ерлермен қатар еңбек етіп, елдің дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген білікті де білімді бұрымдыларымыз жетерлік. Сондықтан ақылы көркіне сай, керек кезде батыл, қажет болса нәзік бола алатын шенді аруларымызды құттықтағымыз келеді. Одан басқа да құрылымдарда қызмет етіп жатқан нәзік жандыларға алғысымыз шексіз. Біздің елімізде гендерлік саясатқа әрдайым айрықша мән беріліп, бүгінде қолданыста. Сол себепті Сіздердің барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз! Мерекелеріңізбен»-деп атап өтті Б.Жанаев.
Іс-шара одан әрі құқық қорғау саласында қызмет атқарып жүрген нәзік жанды полицейлерді марапаттау рәсімімен жалғасты. Құқық қорғау саласының дамуына қосқан үлестері аруларға «Алғыс хат» пен гүл шоқтары, сыйлықтар табысталды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі