Түркістан қаласының орталық кітапханасында «Қала күні» мерекесіне орай «Түркістаным – киелі мекенімсің» атты кітап көрмесі мен танымал қобызшы, ұстаз Ақбота Бердалиевамен кездесу кеші өтті. Бұл шара мәдениетті дамыту, халық өнерін насихаттау және жастар арасында рухани құндылықтарды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесуге облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Бақытжан Бейсембаев, еңбек және тыл ардагерлері Жарқынбек Ерсін мен Хамза Пәйзіұлы, сондай-ақ ҚР Мәдениет қайраткері, зейнеткер кітапханашы Раушан Сержанова және кітапхана оқырмандары қатысты. Шараға келген қонақтар мәдениет пен өнерді қадірлейтін, жастарға үлгі болар тұлғалардың бірін кездестіргендіктеріне қуанышты болды.
Кештің негізгі бөлігінде Ақбота Бердалиева қобыздың қасиеттері мен тарихи мәні туралы сөз қозғап, көне аспаппен күй тартты. Ол өзінің орындауындағы дәстүрлі күйлермен көрермендердің жүрегіне жол тапты. Кобыздың үнінде қазақ халқының терең тарихы мен мәдениетінің бір бөлігі жатқанын тыңдармандар сезінді. Кездесу барысында Ақбота көрермендердің сұрақтарына жауап беріп, өзінің шығармашылық жолындағы қызықты оқиғаларымен бөлісті. Оның өнері мен білімі жастар үшін үлкен дәріс болды.
Шараның соңында қатысушылар кең көлемде жасақталған кітап көрмесімен танысты. Көрмеде Түркістанның тарихы, мәдениеті мен өнері туралы көптеген кітаптар, ғылыми және танымдық әдебиеттер ұсынылды. Оқырмандар кітаптардың мазмұнымен танысып, рухани азық алды. Бұл көрме Түркістанның мәдени-рухани мұрасын насихаттауға және жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Кездесу кешінің аясында Ақбота Бердалиеваның қобызды тартудағы шеберлігі мен ерекше таланты, оның өнердегі жолы, халықтың мәдениетіне қосқан үлесі туралы көп айтылды. Көрермендер Ақбота апайдың ерекше өнеріне тәнті болып, оған алғыстарын білдірді. Бұл шара Түркістандағы мәдениет пен өнердің дамуына, халқымыздың рухани құндылықтарын сақтау мен жаңғыртуға бағытталған маңызды оқиға болды.
Ақбота Бердалиеваның келуі, оның өнері мен білімі қала тұрғындары мен жастар үшін үлкен мүмкіндік болды. Мұндай кездесулер халықтың өнерге деген қызығушылығын арттырып, мәдениетіміздің байлығын тануға мүмкіндік береді. Түркістан қаласының мәдени өмірінде осындай шаралардың маңызы зор, себебі олар қоғамды біріктірумен қатар, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.
Келешекте осындай кездесулер мен мәдени шараларды тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр, бұл Түркістанның мәдени-рухани өміріне жаңа серпін береді.