Түркістанда дүниежүзілік жазушылар күніне орай басқосу өтті

басқосу

Облыстық «Фараб» кітапханасында 3 наурыз – Дүниежүзілік жазушылар күніне орай «Әдебиет ұлттың жаны» атты іс шара өтті.

Кездесуге ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы – Айдар Сейдазым, ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі – Сайлаухан Жоланов, «Turkistan» телеарнасының шеф-редакторы, жазушы-журналист – Мәриям Әбсаттар қатысты. Сондай-ақ, жиынға ҚР Журналистер Одағының мүшесі – Несіпкүл Өтебаева, «Түркістан» газетінің редакция меңгерушісі – Ләззат Сарыбаева, Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі – Қабылан Құдайбергенов, ақын, журналист – Ғабит Сапарбек, ақын – Арқалық Әмәлият, Түркістан облыстық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары – Әйгерім Жұмабаева, ақын – Бауыржан Ерман қатысты.

Шара барысында Қазақстан жазушылар одағының тарихы жайлы бейнебаян көрсетіліп, арнайы жасақталған кітап көрмесі таныстырылды. Кездесуге қатысушылар шығармашылықтарынан өлең оқып, атаулы күннің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, өңірде шығармашылық бірлестіктер мен қаламгерлердің жұмысын жандандыру жөнінде ұсыныстар айтылды. Жиын соңында өңірдің әдеби мұрасын кеңейтіп, рухани дүниетанымның өркендеуіне қосқан үлестері үшін жазушылар қауымына алғыс айтылды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі