Түркістанның іргесінде жаңадан салынған Кеңсай-Қосқорған-2 су қоймасына су келді деп хабарлайды деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Осылайша мол су қоры жоқ шаһардағы ағын су мәселесі шешіле бастады. Қарасу өзенінің мөлдір, таза суын сақтауға арналған жаңа қойманың іске қосылуы су тасқыны құбылыстарының қаупін азайтуға да сеп болмақ.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен өткен жылы қолға алынған жаңа жоба жүзеге асты. Ауқымды құрылысты жеке бақылауында ұстаған облыс әкімі бүгін ел игілігі үшін қолға алынған тағы бір тындырымды істің аяқталғанына куә болды.
«Болашақта Кентау мен Түркістанның арасы оазиске айналады. Жаңа су қоймаларының саны артады. Бұл өңірде балық дамытуға септігін тигізеді. Су қоймаларының жағалауында демалыс аймақтары ашылады. Осылайша суды тиімді пайдаланып, оны сақтап, суармалы жерлерге жұмсауға болады», – деді шаһардағы су қоймаларының құрылысын бақылаған өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев.
Түркістан облысында ағын су тапшылығын шешу мақсатында ірі су нысандарының құрылысы жүріп жатыр. Сыйымдылығы 18 млн.м3 су қоймасына 1 млн.м3 су жиналды. Алдағы уақытта 10 млн.м3 дейін жеткізу жоспарлануда. Қазіргі таңда үлкен дамбы биіктігі 27 метрге дейін көтеріліп, жоғарғы бефі 40 % бетонмен қапталды. Кіші дамбы толықтай тұрғызылып, жоғары бьефі 60 % бетонмен қапталды. Су әкелетін каналдың 9,8 толықтай бетонмен қапталды. Су жеткізуші каналдың 14,5 шақырымы қазылды. Жоба толық іске асқан жағдайда Түркістан өңіріне қосымша жылына 34 млн.м3 ағын су жеткізілетін болады.
«Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары» аясында ағын су тапшылығын шешу мақсатында «Түркістан магистралдық арнасы» күрделі жөндеуден өтуде. Сыйымдылығы 18 млн. текше метр Кеңсай – Қосқорған-2 су қоймасы салынып, Жетікөл көлдер жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Түркістан магистралдық каналын толтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық канал салынуда. Нәтижесінде, жылына ағын су пайдалану көлемі 195,4 млн. текше метрге артып, жыл сайын қосымша 14,7 млрд. теңгенің өнімін өндіру мүмкіндігі пайда болады. Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, облыс аумағындағы барлық су арналары цифрлы жүйеге көшеді.
Новое водохранилище построили в Туркестане
На водохранилище Кенсай-Коскорган-2, построенное под Туркестаном, стала поступать вода передает пресс-служба акима Туркестанской области.
Таким образом, в городе поэтапно решается проблема с поливной водой. Кроме того, запуск нового водохранилища, куда поступает вода из реки Карасу, позволит снизить риск паводков.
Отметим, данный проект был реализован в прошлом году по инициативе акима области Умирзака Шукеева. Глава региона лично контролировал строительство нового объекта.
«В перспективе территория между Кентау и Туркестаном станет оазисом. Количество новых водоемов будет увеличиваться. Это будет способствовать развитию рыбного промысла в регионе. А на берегах этих водоемов откроются зоны отдыха», — отметил Умирзак Шукеев.
На сегодняшний день 1 млн. куб. метров воды поступило в водохранилище, а полная его вместимость составляет 18 млн. куб. метров. В дальнейшем объект планируется заполнить до 10 млн. м3. Верхняя часть плотины находится на высоте 27 метров, верхний бьеф забетонирован на 40%. Малая плотина уже полностью возведена, верхний бьеф забетонирован на 60%. Полностью забетонировано 9,8 км водозаборного канала. Вырыто 14,5 км подводящего канала. При полной загрузке проекта Туркестан получит в год дополнительно 34 млн. кубометров поливной воды.
Вместе с тем, в рамках Комплексного плана социально-экономического развития Туркестанской области до 2024 года для устранения дефицита поливной воды капитально ремонтируют «Туркестанский магистральный канал». В тоже время, строят водохранилище Кенсай–Коскорган-2 вместимостью 18 млн куб. м., реконструируют озерную систему Жетиколь. Также строят машинный канал от реки Сырдарья для заполнения Туркестанского магистрального канала. В результате объем водопотребления в год увеличится на 195,4 млн кубометров, и появится возможность ежегодно производить дополнительно 14,7 млрд. тенге продукции. В соответствии с поручением главы региона, все водоканалы на территории области будут оцифрованы.