Түркістанда “Қыз өссе елдің көркі”тақырыбында” оқушыларымен жиналыс болды

Қыз өссе

Түркістан қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы”КММ-нің ұйымдастыруымен Әбу Насыр Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектепте”Қыз өссе елдің көркі”тақырыбында” мектеп оқушыларымен жиналыс өтті.

«Қыз өссе елдің көркі» деген сөз — қазақ халқының қыз балаға деген құрметі мен оның қоғамдағы орнына деген терең сенімін білдіретін мақал. Бұл сөздің мағынасы терең, себебі қыз баланың тәрбиесі, ақылдылығы мен жүрегі таза болуы елдің болашағына үлкен әсер етеді. Қыздар өсіп, тәрбиелі, білімді, ұқыпты, мәдениетті, арлы болып жетілгенде, бүкіл қоғамның рухани және әлеуметтік жағдайы жақсарады.

Мектеп оқушыларымен жиналыс кезінде осы тақырыпты қозғау өте маңызды. Мұндай жиналыстарда қыз баланың тәрбиесі, білім алуындағы рөлі, қоғамдағы орнын насихаттап, олардың мүмкіндіктерін арттыру жөнінде сөз қозғауға болады. Сонымен қатар, қыздардың өз құқықтарын білуі, өз-өзіне сенімді болуы, сондай-ақ өмірлік құндылықтарды дұрыс бағалауы да өте маңызды.

Бала тәрбиесі – баршаға ортақ. Жас ұрпақ бойында жақсы қасиет, адамдық құндылық, талғам мен талантты жетілдіру ата- ана мен мұғалімнің басты міндеті. «Тәрбие — адам тағдырын шешетін ұлы іс » деп В.Г. Белинский айтқандай, тәрбиеге, соның ішінде бала тәрбиесіне бейжай қарауға болмайды.

Әрбір ата — ана еліміздің болашағының жарқын болуы үшін, балаларын тәрбиелей отырып ат салысады .Ол үшін баланы тәрбиелеушінің өзі тәрбиелі болуы тиісті. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген ұлағатты сөз соның айғағы. Мектеп пен ата – ана арасындағы сыпайы сыйластық үндесіп жатса бала тәрбиесі жақсы болары сөзсіз.

Бала тәрбиесі – бұл ата-аналардың, мұғалімдердің және қоғамның балаға дұрыс бағыт-бағдар беру, оның тұлғалық дамуына ықпал ету, моральдық, эмоционалды, әлеуметтік және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту процесі.

Жиналысқа Түркістан қаласы ардагерлер алқасының мүшесі Шораева Сұлтангүл және Түркістан қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” КММ -нің социолог маманы Д.Нысанбаева қатысты.

Мұндай жиналыстар қоғамдағы қыз балалардың теңдігін нығайтуға және олардың өмірде орын табуына ықпал етеді. Әсіресе, мектепте қыз балалардың өзіне сенімді болуы, жетістікке жету үшін жан-жақты білім алу маңызды.