Түрістан облысы аумағында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс шара мақсаты автокөліктерге тексеріс жүргізіп, әкімшілік айыппұлдан жалтарып жүрген азаматтарды анықтау. Сондай-ақ бұл қызметке жеке сот орындаушылары жұмылдырылуда. Осыған орай аталған шара аясында Арыс АПБ қызметкерлері 1 күнде рейдтік іс- шара жүргізді. Тексеріс барысында бірнеше азамат анықталды. Анықталғандай оларға жол ережесін бұзғаны үшін хаттама толтырылып, айыппұл салынған. Алайда өздеріне тағайындалған айыппұл сомасын заңнамаға сәйкес белгіленген мерзімде төлемеген. Сондықтан бұл азаматтардың автокөліктері айыптұраққа қойылды. Өз кезегінде полиция қызметкерлері аудан тұрғындарына әкімшілік айыппұлды уақытында төлеу керектігін ескертеді. Сонымен қатар айыппұл төлеу мүмкіншілігі кеңейгендігі яғни айыппұл сомаларын электронды порталдар арқылы тексеріп, ұялы телефонға жүктелген банк қосымшалары немесе интернет сайттары қызметімен төлеуге болатындығы туралы хабарлайды.
ТО ПД баспасөз қызметі