Бүгінгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі-балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Құқықбұзушылық – заңды жауапкершілікке алып келетін құқыққа қарсы әрекет. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру -мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімдерді жаңа рухта, жаңа көзқараста тəрбиелеуден айқын көрінеді.
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында девиантты мінез-құлықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты жастар мен жасөспірімдердің арасында девиантты мінез-құлықтың алдын-алу және өз-өзіне қол жұмсау деңгейін азайту.
Іс-шараға тәжірбиелі психолог Марал Жұмагелді және М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің студенттері қатысты.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы девиантты мінез-құлықтың пайда болуының негізгі себептерінің бірі: отбасы тəрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы: олар: əке-шешесінің теріс үлгісі, ата-ананың біреуінің болмауы, үй ішіндегі еңсені басатын ауыр жағдай – отбасындағы жағымсыз ахуал, тұла бойы болып тұратын ұрыс, жан-жал т.б. баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу. Девиантты мінез-құлық — балалар мен жасөспірімдердің жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекеттері, оқудан қасақана жалтару, отбасынан немесе балаларды оқыту –тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі келіп қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасауы, қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-құлқы.