Қазіргі кезле отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Мамандардың айтуынша, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың басты себебі маскүнемдік пен жұмыссыздық салдарын болып жатады. Көбіне әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық- зомбылықтың құрбаны болады. Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу -бұл тек мемлекеттің ғана емес,сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті екенін естен шығармауымыз қажет. Осы ретте азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру маңызды.
Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері «Отбасы күні» қарсаңында,отбасы тұрмыстық қарым-қатынаста жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу мақсатында «Менің отбасымның портреті» атты акциясын өткізді. Іс-шара Шымкет қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Нұрлан Өсерханұлы Қарабаевтың төрағалығымен өтті.
Кездесуге Ұлттық комиссия Президент жанындағы әйелдер істер және отбасы демографиялық саясат бойынша мүшесі, Шымкент әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Айтбекқызы Жандосова, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастармен жұмыс жүргізу және отбасындағы құндылықтарды насихаттау бөлімінің басшысы Сабаев Мұхтар Жәнәбілұлы, қосымша білім беру оқу салалық орталығының тәрбие бөлімінің басшысы Сулейменова Гүлмайра Алимхановна, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы Глазебная Инна Михайловна, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Өтебаева Жанат Өмірсейтқызы, «Ана үйі» орталығының басшысы Төнтекова Қалдар Жұмабайқызы, «Әйелдер күштері Альянсының төрайымы Жазықбаева Жаннетта Канаевна қатысты.
Іс-шараның мақсаты, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту болып табылады.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары Шымкент қаласы полиция департаменті қала аумағында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жою, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен жолын кесу мақсатында отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бағытындағы жұмыстарды жандандыруға шақырамыз.