Шымкентте 32 мыңнан астам тұрғын жұмыспен қамту шараларына қатысты

тұрғын

Жұмыспен қамтылу – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етілу көрсеткіші. Бұл көрсеткіш елдегі мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерде жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметшілердің‚ ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен айналысатын шаруалардың‚ фермерлердің‚ елдегі мемлекет емес мекемелерде‚ жеке шаруашылықтар мен қожалықтарда‚ кооперативтерде жұмыс істеушілердің‚ жеке еңбек қызметімен айналысушылардың‚ әр түрлі оқу орындарында өндірістен қол үзіп оқитын жастардың‚ әскери қызметшілердің жалпы санын сипаттайды. Қазір жұмысен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздар санын азайту мақсатында – халықты жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру жалғасып жатыр. Жұмыспен қамту қызметі адамдарды еңбекке орналастыруға, жұмыс берушілерді жаңа жұмыс орындарын ашқаны үшін ынталандыруға бағдар беру керек.

Шымкентте қала халқының табысының артуына байланысты, өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда әлеуметтік көмек алушылар саны 30,4 пайызға азайды. Қаламызда бүгінгі таңда мемлекет тарапынан аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуде. Биыл 8 227 отбасындағы 42 866 адамға атаулы әлеуметтік көмек және 1 жастан 6 жасты қоса алғандағы дейінгі балаларға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем 14 329 балаға төленді.

Халықты жұмыспен қамтудағы негізгі мәселе – жұмыссыздық деңгейін төмендету. Былтырғы жылы 57 181 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, оған 73 984 адам қатысқан. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,9% құраған. Ал, осы жылдың басынан бері жұмыссыздык 4,8 пайызды құрап отыр. Биыл жұмыспен қамту шараларына 56 962 адамды қатыстыру көзделген, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 32 128 адам қатысты. 2024 жылдың ІІ тоқсандағы жағдаймен жұмыссыздық деңгейі 4,8%, ал жастар арасындағы жұмыссыздық 3,1% (жоспар 3,7%), құрап отыр.