«5-10-20 Шаңырақ» бағытының талаптарына сәйкес төлемге қабілетті тұрғын үй кезегінде тіркелген барлық санаттағы азаматтардың өтінім жіберу мүмкіндігі қарастырылған деп хабарлайды Ntime.kz . Аталған бағыт «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиелік бағытта жеңілдетілген пайыздық көрсеткішке ие.Мұнда азаматтарға қойылатын басты талаптар отбасының жиынтық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,7 еселенген шамасынан (2021 жылға — 126 917 теңге) аспауы тиіс.Азаматтарға жаңа тұрғын үй сатып алуға берілетін сома – 15 млн.теңгені құрайды. Бұл сома жылдық мөлшерлемесі 5 пайыз, алғашқы жарна 10 пайызбен 20 жылға несиелік негізде рәсімделеді. Аталған бағыт бойынша өтінімдерді қабылдау «Отбасы банкі» интернет ресурстары арқылы жүргізіледі. Айта кету керек, биыл Шымкент қаласы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаңырақ» бағытымен тұрғын үй кезегінде тұрған 1728 азамат несиелік баспанаға қол жеткізеді.