Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №88 жалпы орта білім беретін мектебінде «Инабат» қыздар клубының жылдық жоспарына сәйкес кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез — құлықтың, «Ерте жүктіліктің алдын — алу және жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу» , мақсатында 8 — 9 сыныптың қыздарымен “Otau Med” клиникасының мамандары, акушер гинеколог дәрігері Ауланқызы Ақмори, психолог Абишова Акжаркын Доктырбаевна, әлеуметтік қызметкері Танирбергенова Гулмираның қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында жасөспірім қыздарымыздың ерте жүктілігі және жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын — алу, әдет-ғұрыпты,салт-дәстүрді қыз баланың бойына сіңіре отырып, келешекте ана алдында қоғамның, ұлттың тұрмыс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді қыз бала болуға тәрбиелеу жайында кеңестер берілді.
Және осы мектепте «Қарты бар үйдің қазынасы бар» тақырыбында 1 — сыныптар арасында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына сынып қариялары қонаққа шақырылды.
Мақсаты: көпті көрген дана-гөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ата — баба аманатына адал, ұлттық тәлім — тәрбиені бойына сіңірген, еңбекқор, кішіпейіл, мейірімді, төзімді, өнерлі тұлға тәрбиелеу.
Сондай ақ №88 жалпы орта мектебінде 21 — 22 қыркүйек күндері “Жалпы адамзаттық құндылықтар — отбасы тәрбиесінің негізі” тақырыбында ата — аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты: Тұлғаны рухани — адамгершілік дамыту мен тәрбиелеу, Рухани-адамгершілік негіздері әр отбасының іргетасының берік болуына ықпал ететінін ұғындыру, жалпыадамзаттық құндылықтарды отбасыда қарастыру мәселесін өзекті ету.
Жиналыс барысында 2022-2023 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесіндегі ерекшеліктер: сабақ кестесі, оқу пәндері, пән мұғалімдері туралы ақпарат берілді.
Мектептің ішкі тәртіп ережесі мен сабаққа кері әсер ететін тиым салынған заттарды алып келмеу туралы мектепішілік ережелермен таныстырылып, түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Сонымен қатар оқушы мен ата-ананың міндеттері, жүктелетін жауапкершілігі де айтылды. Жиналысқа қатысқан ата-аналар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
Ата — аналар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.
Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымы (төраға) және мүшелері сайланды.