Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі.
№15 М.Жұмабаев атындағы мектеп – гимназиясында 2022 жылдың қыркүйек айының 22 – жұлдызы күні Түркістан қаласы прокуратурасының қызметкері Б.Жұмабаева, Түркістан қаласының адами әлеуетті дамытру бөлімінің басшысы О.Қолдасова және ТҚПБ-ның жергілікті ювеналды тобының аға инспекторы полиция капитаны Е.Асанов қатысуымен
«Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау, зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында 7-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс болып өтті.
Жиналыс барысында мектеп психологтары Э.Базанова және С.Жетпісбай ата-аналарға «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың , зорлық-зомбылықтың, кибербуллингті болдырмау және алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы О.Қолдасова қалада болып жатқан келеңсіз оқиғаларға байланысты ата-аналарға балаларды мектептен тыс уақыттарда қадағалауды күшейту керектігін сөз етіп, бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Түркістан қаласы прокуратурасының қызметкері Б.Жұмабаева қалада болып жатқан оқиғаларда үнемі мектеп жасындағы оқушылар болатындығын, түнгі уақыттарда балалар үйде болу керектігін , ұялы телефонды үнемі ата-аналар тексеріп отыруын, рейд кезінде оқушылардың компьютер орталықтарында ұсталатындығын айтып, үнемі қадағалау керектігін ескертті. ТҚПБ-ның жергілікті ювеналды тобының аға инспекторы Е.Асанов құқықбұзушылықты болдырмау және алдын алу бойынша ата-аналарға балаларының өміріне жауапты екендігін айтты.