Алаяқтың ғаламтордағы фейк хабарламалары

фейк

Кінәлі азаматша «Коlesа.kz» қосымшасында автокөлік бөлшектерін сату туралы жалған хабарландырулар жариялаған.

Ол жәбірленушілерге автокөліктердің қосалқы бөлшектерін әртүрлі қалаларға жіберуге уәде беріп, қылмыстық ниеттерін жасыру мақсатында оларға банктік деректемелер мен жалған сатып-алу шарттарын жіберіп, ақша қаражатын алғаннан кейін, телефон қоңырауларына жауап беруді тоқтатқан.

Осылайша, сотталған 32 азаматты алдап, олардың 4,8 млн теңгеден астам қаражатын иемделген.

Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді.

Сот үкімімен оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталғаннан жәбірленушілердің пайдасына келтірілген материалдық залал өндірілді.

 Үкім заңды күшіне енді.

 Астана қаласының прокуратурасы елорда тұрғындары мен қонақтарына сақ болуды, көрсетілетін қызметтің шынайылығына көз жеткізуді ескертеді.

Астана қаласының прокуратурасы