EGov mobile қосымшасының «Цифрлық құжаттар» сервисінің арқасында «Қазпошта» АҚ клиенттері енді жеке басын куәландыратын құжаттың цифрлық аналогы бойынша сәлемдемелерді қабылдап, жібере алады.
«Қазпошта» АҚ клиенттері еліміздегі барлық бөлімшелерде сәлемдемелерді қабылдау және жөнелту кезінде цифрлық жеке куәліктерді пайдалана алады. Жоба Қазпоштаның пошта қызметтері үшін пилоттық режимде іске қосылды.
Жаңа қызметті пайдалану үшін:
- eGov mobile мобильдік қосымшасында авторизациядан өту;
- «Қызметтер» бөліміндегі «Цифрлық құжаттарды таңдау»;
- Қажет құжатты таңдаңыз;
- Құжатқа «Қол жеткізуді ашу» түймесін басу;
- «Казпошта» АҚ операторына алты таңбалы қысқа кодты хабарлау қажет.
Операторлар өздерінің деректер базасына бірегей қысқа кодты және жүйе клиенттің жеке басын куәландыратын құжатты автоматты түрде жүктейді.
Клиентті сәйкестендірудің бұл механизмі жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және үшінші тараптардан түскен алаяқтықтың алдын алады.
Цифрлық құжаттарды пайдалану ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен «Қазпошта» АҚ ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың арқасында мүмкін болды.
eGov mobile-дағы Цифрлық құжаттарды Қазақстанның барлық теміржол вокзалдарында: билет сатып алу кезінде және вагонға отыру кезінде пайдалануға болады. Ол үшін:
• eGov mobile қосымшасын жүктеп, авторизациядан өтіңіз;
• «Цифрлық құжаттар» сервисін таңдаңыз;
• Тізімнен жеке куәлікті таңдап, «Қол жеткізуді ашу» тетігін басыңыз;
• Жолсерікке/кассирге QR-коды бар смартфонның экранын немесе қысқа кодты көрсетіңіз.
«Атап өткен жөн, қазіргі уақытта eGov mobile мобильдік қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» сервисі 18 құжаттан тұрады, олардың ішіндегі ең танымалдары: жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тест және туу туралы куәлік.
Бүгінгі таңда цифрлық құжаттарды еліміздің барлық әуежайларында, «ҚТЖ» АҚ теміржол вокзалдарында вагондарға отырғызу кезінде, «Отбасы Банк» АҚ, Beeline бөлімшелерінде, сондай-ақ ЕДБ мен нотариустардан қызмет алу кезінде пайдалануға болады.
Анықтама: Цифрлық құжат – цифрлық құжаттар сервисі қалыптастыратын, мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу үшін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде қажетті электрондық құжат. «Цифрлық құжаттар» сервисі жеке басты куәландыратын құжат түпнұсқасының электрондық нұсқасын тікелей пайдалануды көздейді, бұл азаматтарға басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қандай да бір қызметтер көрсету үшін (мысалы, әуе және т/ж билеттерін сатып алу кезінде және т.б.) электрондық құжатты ұсынуға мүмкіндік береді.
Ntime.kz