Шардаралық ұстаз Жанар Әлімбекова Қазақстан Этно Дизайнерлер Одағының мүшесі ретінде Түркия елінің Алания қаласында өткен «Түрік Мода» және «Өнер» атты халықаралық фестиваліне қатысып, қолөнер өнімдерін көрмеге ұсынды.
Фестивальға Қазақстан, Қырғызстан, Азербайжан, Якутия, Түркия, Башқұртстан елдерінің дизайнерлері қатысты. Қазақстан атынан Жанар Әлімбековадан бөлек шет елдерге әйгілі дизайнерлер Айдана Омарова, Қайролла Зекенұлы бақ сынап, ұлттық стильдегі өз коллекцияларымен көпшілікті таң қалдырды. Аталған көрмеде ұстаз Жанар Өсербайқызы да арнайы дипломмен марапатталды.
Айта кетейік, Жанар Әлімбекова Шардара аудандық білім бөліміне қарасты М.Горький мектебінде көркем еңбек пәнінен сабақ береді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі