Шыкенттік полицейлер кәсіпкердің көлігін тартып алған азаматтарды анықтады

Қылмыс — бұл құқық бұзылушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзыушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. Қылмыс – бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді.

Шымкент қаласы полиция департаментіне жеке кәсіпкер бейтаныс екі азаматтың бопсалағаны туралы арызбен жүгінді. Оны күшпен қорқытқан ер адамдар жәбірленушіге тиесілі «Toyota Camry-70» маркалы автокөлігін тартып алған. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы «Қорқытып алу» бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.

         Аса ауыр қылмысты ашу мақсатында Шымкент қалалық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде, бірнеше күннің ішінде тергеушілер бопсалау жайтына қатысы бар күдіктілердің жеке басын анықтады. Екеуі де жергілікті қала тұрғындары, біреуі бұрын бірнеше рет сотталған.

         ҰҚҚКБ-ның қызметкерлері күдіктілердің бірін тұрғылықты мекен-жайында қолға түсірді. Ал, сыбайласы қаладағы қонақ үйлердің бірінде ұсталды. Олардан 2 аңшылық пышақ, 160 дана оғымен пневматикалық тапанша, 21 дана оғымен АК-47 автоматы және Макаров тапаншасының қабын тәркіледі.

Қазіргі таңда күдіктілер қамауда. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері ұсталған азаматтардың қазан айының басында өздігінше билік ету арқылы тағы бір жәбірленушіге тиесілі «Iphone 13 Pro Max» маркалы ұялы телофонын алып қойып, қайтармай қойғанын анықтады. Бұл туралы арыз Еңбекші АПБ-да тіркелген. Жедел уәкілдер қылмыстық топтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын тексеруде.

Ntime.kz