Шымкент қаласы мен Түркістан облысында зорлық-зомбылықты жоюға бағытталған Qolda 3.0 жедел көмек бағдарламасының жобасы іске қосылды

09.08.2021ж. «Заң талабы» құқық қорғау орталығы Қоғамдық бірлестігі «Түркістан облысының ауылдық аудандарында әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты жою» жобасын іске асыруды бастады. Жоба Qolda 3.0 шұғыл көмек көрсету бағдарламасы аясында Шеврон компаниясы мен Орталық Азия Еуразия Қорының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылмақ.

Жобаның мақсатыТүркістан облысының ауылдық аудандарында гендерлік зорлық-зомбылық саласындағы COVID-19 пандемиясының жаңа үрдістері мен салдарын жою.

2020 жылы Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстардың өсуі орын алды. ТЖ режимі және азаматтарды оқшаулау кезеңінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарынан ұйымның жедел желі телефонына күніне 2 реттен 4-ке дейін хабарласу саны артқан.

Qolda 2.0 нәтижелері бойынша жоба жақсы нәтиже көрсетті және  әйелдер мен қыздардың құқықтарын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Түркістан облысының 7 ауданында #StopViolence науқаны әлеуметтік желілер, инфографика, шағын дәрістер, видео, АКТ құралдары сияқты инновациялық әдістер мен каналдарды пайдалана отырып өткізілді. Сондай-ақ, команда отбасылық–тұрмыстық зорлық–зомбылық жағдайларының алдын алу мақсатында ақпараттандыру және құқықтық қолдау үшін ауылдық жерлердегі жастар, агрессор ерлер, әйелдер мен жасөспірім қыздар арасында буклеттер таратылды.

Сондай-ақ, жоба аясында заңгер тегін жеке консультация өткізіп, әйелдер мен жасөспірім қыздардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуге көмектеседі.

Жоба барысында ауыл әйелдеріне арналған тренингтер жалғасуда. Мұның арқасында олар құқық қорғау органдарына онлайн өтініш беру мүмкіндіктері туралы ақпарат ала алады.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған кейіпкер өз оқиғасымен бөліседі: «Мен 8 жылдан бері тұрмыстамын, ұйымға өтініш білдіргенімнің себебі — күйеуімнің үнемі ұрып-соғуы (тұрмыстық зорлық-зомбылық). Менің кәмелет жасына толмаған төрт балам бар. Күйеуім мас күйінде келіп, есімнен танғанша мені ұрды. Екі қабырғам және тістерім сынған. Кейін балаларымды ұра бастағанда шыдай алмадым, түнде балаларыммен бірге көшеге шығып, көмек сұрадым. Көршім «Заң талабы» ұйымы туралы айтты. Жедел желіге телефон соқтым. Адвокат полицияға арыз беруіме көмектесті.

Біраз уақыттан соң күйеуім сотқа арыз беріп, балаларымды тартып алуға тырысты. Бұл маған әсер ету мақсатында жасалған іс-әрекет екенін жақсы түсінемін. Сотта менің мүдделерімді қорғаған «Заң талабы» заңгеріне рақмет. Мен өзіме адвокат жалдай алмас едім. Қазір балаларымызбен күйеуімнен бөлек тұрамыз, ол алимент төлейді».

«Түркістан облысының ауылдық аймақтарындағы әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты жою» жобасы Qolda 3.0 шұғыл көмек бағдарламасы аясында алғаш рет отбасылық – тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен ғана емес, агрессор ер адамдармен де жұмыс істейтін болады. Шымкентте ерлердің зорлық-зомбылық әрекеттерін түзету, сыйлы қарым-қатынас пен мінез-құлық дағдыларына үйрету, әлеуметтік қатынастарды реттеу, өзін-өзі бағалауды қалыптастыру, шиеленіс пен мазасыздықты жеңілдететін практикалық дағдыларды үйрету бойынша оқыту тренингтері өтеді.

Байланыс:

Ильмира Пернебекова,  жоба координаторы

тел.+7 (747) 403-40-69, почта zan.talabi@gmail.com

Жания Хаирова, ОАЕҚ коммуникация бойынша менеджері,

тел. +7(747)58-44-588, zhaniyaenu@gmail.com

________________________________________

«Qolda» шұғыл көмек бағдарламасы Орталық Азияның Еуразия Қоры және «Шеврон» компаниясының серіктестігімен жүзеге асырылып отыр.

«Орталық Азияның Еуразия Қоры» (ОАЕҚ) — 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.«Шеврон» — дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Көміртек шығарындылары төмен болашақ құру үшін біз көміртек өндірісін тиімді төмендетуге, жаңғырмалы энергия көздерінің көлемдерін арттыуға, сонымен қатар төмен көрміртекті коммерциялық мақсаттағы технологияларға инвестициялауға ерекше назар аударамыз