Шымкентте 300 электрсамокат айыптұраққа қойылды

электрсамокат

Өткен аптада Шымкент қаласында көшеде қалдырылған 300-ге жуық электросамокат айыптұраққа жеткізілді.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, пайдаланушылар ретсіз тастап кеткен самокаттар көлік қозғалысына және жаяу жүргіншілерге кедергі келтіріп жатқаны туралы тұрғындар жиі шағымдануда.

Жол оқиғаларының алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары тұрақты түрде рейдтер жүргізіп, электросамокаттарды пайдаланудағы ереже бұзу жайттарын анықтауда.
Полицейлер жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігі басты назарда екенін атап өтіп, азаматтарды самокатты қолдану барысында жауапкершілікке шақырды.

Шымкент қаласы ПД