Департамент бастығының бұйрығымен өткен «Стоп-граффити» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағында жалпы саны 731 есірткі жарнамасы жойылды.
Есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестерді заңсыз насихаттаудың жолын кесу және жарнамаларды жою жұмысына 158 тәртіп сақшысы мен 342 ерікті жұмылдырылды.
Шара барысында, Абай, Әл-Фараби, Қаратау, Еңбекші және Тұран ауданы аумақтарында қабырғаларға салынған есірткі сайттарын жарнамалайтын жазбалар өшіріліп, оның орнына «Stop-граффити» таңбасы басылды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Үкімет сағатында депутаттар Шымкентте есірткі жарнамаларының көбеюіне қатысты өз наразылықтарын білдірген болатын. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында да осыған байланысты көптеген сауалдар туындаған еді.
Осыған орай, полиция департаментінің бастығы жедел шара қолданып, қалалық жастар орталығы, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп 10-14 қаңтар аралығында жергілікті деңгейде «Стоп-граффити» ЖПІШ өткізді.
Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі