Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қолдауымен №2 қалалық аурухана базасында жоғары мамандандырылған инсульт орталығы мен ангиография бөлімшесі ашылды деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жаңадан ашылған орталықта медицина мамандары Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсетеді.
Заманауи медициналық құрал — жабдықтармен қамтылған орталық 30 орынға лайықталған. Мұнда соңғы үлгідегі экспресс — класты бипланды Philips Azurion 7 В20/15 ангиографиялық аппараты мен өкпені жасанды желдету, цифрлы ренген сынды инсульт ауруын емдеуге қажетті аппараттар орнатылған.
Теңдесі жоқ құрылғылармен жұмыс істеу үшін медицина мамандары шет елдерде біліктілігін арттырып келген.
В Шымкенте открылся инсультный центр
При поддержке акима города Шымкент Мурата Айтенова, на базе городской больницы №2 открылись высокоспециализированный инсультный центр и отделение ангиографии передает пресс-служба акимата города Шымкент.
В новом центре медицинские специалисты оказывают экстренную медицинскую помощь жителям города Шымкент и Туркестанской области.
Оснащенный современным медицинским оборудованием, центр рассчитан на 30 мест. Инсультный центр и отделение ангиографии оснащены современным медицинским оборудованием. Центр в общей сложности рассчитан на 30 мест. Здесь установлены новейшие биплановые ангиографические аппараты экспресс — класса Philips Azurion 7 В20/15 и аппараты для лечения инсульта, такие как искусственная вентиляция легких, цифровой рентген.
Для работы с беспрецедентными аппаратами медицинские специалисты повысили свою квалификацию за рубежом.