Шымкент қаласы ТЖ департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметіне 11 мамырда сағат 16.37-де ҚТЖ кезекші қызметінен хабарлама келіп түсті . Абай ауданындағы «Игілік» аралығында Игілік-Бадам темір жолының 3266 км. учаскесінде 18 вагон, оның ішінде 17 бос вагон бүйіріне аударылып кеткендігі хабарланды. Вагондар «Шымкент-Арыс» бағытындағы №2489 жүк поезының құрамында (жалпы саны 57 вагон) болды. Нәтижесінде әуе электр желілерінің 11 тірегі зақымдалған, темір жол төсемінің ішінара зақымдануы орын алды. Аталған стансада вагондардың істен шығуына байланысты «Алматы-Маңғыстау» бағытындағы №77 жолаушылар пойызы 1 сағат 15 минутқа кідірді. Қазіргі уақытта пойыздардың қозғалысына әсері жоқ.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына «ҚТЖ ҰК» АҚ (55 адам және 1 қалпына келтіру пойызы) күштері жұмылдырылды.
Зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД басшылығы, жеке құрамның 14 адамы және 4 бірлік техникасы шықты.