Түнгі сағат 00.49-да 2021 жылғы 26 тамызда «101» басқару пультіне Әл-Фараби ауданы, Сапақ Датқа көшесі бойында орналасқан құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан «Шымқала» этноауыл аумағында өрт шыққаны туралы хабар келіп тұскен деп хабарлайды Шымкент қаласы ТЖД. Өрт сөндіру бөлімдері шақыру жеріне 7 минутта жетіп келген. Оқиға орнында этоноауыл аумағында орналасқан көлемі 80 ш.м. бастырма және көлемі 8 ш.м. қораның қамыс төбе жаппасы жанғандығын анықтады. Өрт сағат 01:10-да оқшауланып, сағат 01:19-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.Оқиға орнына Шымкент қ. ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 25 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды.