Бүгін Шымкент қаласының Полиция департаментінде 1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Аталған іс-шарада Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов арнайы құттықтау сөзін сөйлеп, халықтың мызғымас тыныштығы үшін еңбек етіп, күндіз-түні қызметте жүрген полицейлерді Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болуға шақырды. Салтанатты шара аясында қызметтерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін ҚР ІІМ тарапынан 40-қа жуық полиция қызметкеріне төс белгілері мен алғыс хаттар табысталды. Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетовтың бұйрығымен 20 қызметкерге Грамота, 21 қызметкерге Алғыс хат, 38 қызметкерге Алғыс жарияланды. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің шешімімен 1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мерекесіне орай қызметтік міндеттерін адал орындап, жоғары нәтижелерге қол жеткізгендері үшін Алғыс хатпен 3 полиция қызметкері марапатталды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі