Шымкент қаласының тұрғыны Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкеріне өзі жасаған әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктен босату мақсатында пара ұсынған деп хабарлайды Шымкент қаласының Полиция департаменті .Полиция қызметкері орын алған жайт туралы тез арада Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлеріне хабарлап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алды.Аталған Факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.