WKF каратэден Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева Қытай республикасының Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қарсылас шақ келтірмей, Қазақстан қоржынына оныншы алтын медальді салды.
Жергілікті чемпион әйелдер арасында +68 келі салмақтағы ақтық айқаста Софья мен Арика Гурунгпен күш сынасты. Жекпе-жек басталғаннан ширақ қимылдаған Берульцева қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Есеп: 3-0.
Берульцева – Каратэден Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген спорт шебері, Ұлттық құрама командасының негізгі құрамының мүшесі.
2021 жылы каратэден Токио қаласында (Жапония) өткен ХХХІІ Жазғы Олимпиада Ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.
Сондай спортшы -Азия Чемпионтының үш дүркін жеңімпазы, екі дүркін күміс жүлдегері,
Тенерифе /Испания/ қаласында өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы.
2022 жылы Конья қаласында өткен Ислам Ынтымақтастығы Ойындарының, Премьер Лига рейтингтік Халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.
Сонымен қатар Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарынан жақсы жаңалықпен қуантқан каратэден 60 келі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз Қайсар Алпысбай чемпион атанды.
Қайсар Алпыспай финалдық бәсекеде Кувейт спортшысы Абдулла Шаабахты 7:5 есебімен жеңді. Белдесу өте тартысты өтіп, отандасымыз намысты қолдан бермеді.
Жеңіс тұғырына шыққан саңлағымыз елге ыстық сәлемін жолдап, бапкерлер мен басшыларға рақметін жеткізді.
— Бүгін қаншама жыл төккен терім ақталды. Бірақ осымен тоқтап қалмаймын. Келесі жылы Париж қаласында өтетін Олимпиадаға тыңғылықты дайындаламын. Енді сол шыңды бағындырғым келеді, — деді чемпион.
Айта кетейік, XIX жазғы Азия ойындарында бүгінге дейін шымкенттік спортшылар 21 жүлдеге (4 алтын, 7 күміс, 10 қола) қол жеткізді.