Қазалылық кәсіпкер ауданның бренді саналатын «Қазалы» конфетін жаңа қаптамамен шығаруда деп хабарлайды Қызылорда облысының әкімдігі Баспасөз орталығы.
Жаңа қаптамада ғасырдан астам тарихы бар, ажары алыстан менмұндалайтын Қазалының теміржол вокзалы бейнеленген.
«Қазалы» кәмпиті өнімдерін шығаратын цех аймақтағы тәтті кәмпит түрлерін шығаратын автоматтандырылған жалғыз кәсіпорын. Қазіргі таңда цехта конфеттің жалбыз (ащы), барбарис, саломка (бор кәмпит), ала кәмпит сияқты 8 түрі шығарылуда. Бүгінде «Саломка», «Барбарис», «Маусым», «Қазалы» кәмпиттеріне сұраныс жоғары. Цехта 7 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілген.