«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес және тәуелді кәсіпорындармен бірге «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде ауқымды жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр.
«Қазатомөнеркәсіп жыл сайын түрлі экошаралар өткізеді және өзінің қатысатын өңірлеріндегі аумақтарды абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізеді. Біздің басты мақсатымыз – жұмысшылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және олардың назарын қалалар мен аймақтардағы аумақтардың тазалығын сақтауға аудару. Алдағы төрт жыл ішінде біз 30 миллионнан астам көшет отырғызуды жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті Мейіржан Юсупов, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы.
Жергілікті қоғамдастықтарды қолдау мақсатында Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындары әлеуметтік бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асырады, соның ішінде өңірлерді абаттандыру мәселелерін шешуде халыққа қолдау көрсету, экологиялық шаралар мен сенбіліктерге белсенді қатысу. Жұмысшылар сонымен қатар шахталар мен басқа да өндіріс орындарының аумақтарын абаттандыру жұмыстарын жүргізуде.
Қоршаған ортаны қорғау Қазатомөнеркәсіп қызметінің және оның орнықты дамуды басқаруға көзқарасының ажырамас бөлігі болып табылады. Компания қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына, қауіпсіздігіне және өмір сүру сапасына әсер еткені үшін өзінің жауапкершілігін мойындайды және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өндірістік қызмет орындарында табиғи ортаны сақтау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық әсерді барынша азайту жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдайды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ