Қазақстан алғаш рет Тәжікстанға электрондық үкіметті дамыту саласындағы өзінің IT-шешімдерін экспорттады. «KazAID «Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» КЕАҚ грантының арқасында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ әзірлеген бірқатар IT-жобалар табысталды. Олардың қатарында: «Smart Bridge», «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы» және «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесі бар.
Президенттер қол қойған Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық өзара іс-қимыл туралы декларация шеңберінде Тәжікстанның ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту саласында қазақстандық тәжірибені беру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Мәселен, Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Тәжікстан Республикасының өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрлігі арасында электрондық үкімет платформасының жүйелерін беру саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Осы Меморандумды орындау мақсатында қазіргі уақытта Душанбе қаласында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ техникалық мамандарының командасы Тәжікстан Республикасының Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрлігі әріптестерімен бірлесіп елдің акт-инфрақұрылымының цифрлық жетілуіне және Қазақстандық IT-шешімдерді енгізу мүмкіндіктеріне техникалық бағалауды жүзеге асырады.
2023 жылғы 21 желтоқсанда «ҰАТ» АҚ командасы Тәжікстан Республикасының Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрлігіне электрондық үкіметтің компоненттерін беру түрінде алғашқы практикалық көмекті жүзеге асырды. IT шешімдерді енгізудегі цифрлық дайындықты бағалау — бұл жаңа технологиялар мен жүйелерді зерттеу, талдау, жоспарлау және енгізуді қамтитын кешенді процесс. Техникалық команда Тәжікстанның қолданыстағы ақпараттық жүйелеріне шолу жасап, сондай-ақ Қазақстанда қолданылатын тәжірибелерді зерделей отырып, осы міндеттерді орындауға кірісті. Алдын ала нәтижелер бойынша бұл бастама екі тарап үшін де сәтті және пайдалы болатыны белгілі.
Экспортталатын IT-шешімдерінің негізгі функцияларын еске түсірейік:
Smart Bridge — бұл мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен бизнес секторы арасындағы интеграцияның жеңілдетілген процесінің платформасы.
Smart Data Ukimet — бұл мемлекеттің цифрлық трансформациясының базалық негізі ретінде экономикалық өсуді мониторингілеу және мемлекеттік бағдарламаларды орындау, үлкен деректердің бірыңғай кеңістігін құру жөніндегі құралдардың жиынтығы.
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы — бұл мемлекеттік органдардың барлық сайттарының бірыңғай құрылымға біріктіретін азаматтарға арналған ыңғайлы интерфей және оңайлатылған навигациясы бар платформа.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылға қарай IT-қызметтердің экспортын бір миллиард долларға дейін ұлғайту міндетін қойған болатын.
«НИТ» АҚ баспасөз қызметі