2022 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Пленарлық отырысында зияткерлік меншік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде заң қабылдады.
Заңмен:
— тіркелмеген өнеркәсіптік үлгілерге қатысты қысқа мерзімді күзет ұсыну жүйесі;
— зияткерлік меншіктің жаңа объектісі – «географиялық көрсеткіш»;
— тауар таңбалары, географиялық көрсеткіштер және тауар шығарылған жердің атаулары бойынша «оппозициялық» жүйе (өтінім сатысында тіркеуге қарсылық білдіру мүмкіндігі);
— мемлекет кепілдік берген заң көмегін (МКЗК) көрсетуге заң консультанттарын тарту;
— мемлекет кепілдік берген заң көмегіне (МКЗК) құқығы бар тұлғалар тобын кеңейту;
— мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың міндеттерін нақтылау;
— патенттік сенім білдірілген өкілге қойылатын біліктілік талаптарын нақтылау енгізіледі.
Заң зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғау саласын күшейтуге және ұлттық заңнаманы халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес келтіруге, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу саласын кеңейтуге бағытталған.
Түркістан облысының Әділет басқармасы