Алматы, 19 желтоқсан — Биыл барша қазақстандықтар туризмнің дамуына бағытталған Орталық Азияның Еуразия Қорының «Байтақ жер» жобасы қатысушыларына арналған арнайы онлайн оқытуға қатыса алады.
18 алдын ала жазылған бейнероликтен тұратын онлайн курс келесі тақырыптарды қамтиды: эко-, этно-, тұрақты туризмге кіріспе, SMM, қаржы және есеп, жобаларды басқару, маркетиң және т.б.
— Курс авторлары — тәжірибесі мол сарапшылар. Аталған оқыту арнайы “Байтақ жер” жобамыздың қатысушыларына арналғанымен, аудитория қызығушылығын көргеннен кейін оны youtube-тегі қордың арнасында сабақтарды қарауды қалайтын барлық көрушілер үшін жарияладық. Биыл тақырыптар санын 30%-ға ұлғайттық, нарық әрі технологиялардың дамуының өзекті үрдістері жайлы құнды мағлұмат жинадық, — деді жоба менеджері Алия Испаева.
“Байтақ жер” жобасының қатысушылары аталған онлайн оқытуды инкубациялық бағдарламаның І кезеңін өткеннен кейін бастады. Курс аяқталған соң сарапшылар жоба қатысушыларымен олардың жобаларын дамытуға бағытталған жеке трекиң кездесулер өткізеді, содан кейін инкубациялық бағдарламаның ІІ бөлімі басталады. Оқыту бағдарламалары мен 2024 жылғы ақпанда өтетін Demo Day нәтижесінде 10-12 жоба анықталып, олардың иелері сарапшылармен жұмысын жалғастырады және 1-7 млн теңге аралығында екі жылға дейін жобаларды жүзеге асыру мақсатында берілетін пайызсыз қарыздарға ие бола алады.
“Байтақ жер” жобасының мақсаты — туризм саласындағы кәсіпкерлікті қолдау арқылы ауылдық жерлерде тұратын адамдардың экономикалық мәселелерін қысқарту болып табылады. «Байтақ жер» жобасы «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асырылады. 2022 жылы жобаға Ақмола облысының 60 тұрғыны өтінім беріп, оқыту бағдарламасының 6 қатысушысы қарыз алып, өз жобаларын жүзеге асырды. Биыл қазан айныда жобаның ІІ кезеңі басталып, оған қатысуға ниет білдірушілердің саны 25% артты, ал оқыту бағдарламасының мазмұны тереңдеп, ол Ақмола облысының кәсіпкерлерінің қажеттіліктеріне бейімделді.
«Байтақ жер» жобасы туралы толық ақпаратты http://baitaqzher.kz/kz ресми сайтынан, сондай-ақ жобаның Instagram парақшасынан таба аласыз.
Елена Гаркава,
«Байтақ жер» жобасының коммуникациялар жөніндегі маманы