Шымкент қаласында қазір 130 мыңнан аса шағын және орта кәсіпкерлік нысаны белсенді жұмыс істеп тұр. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 25,6 пайызға өскен. Бұл салада жұмыспен қамтылғандар саны 218,2 мың адамға жетіп, 2022 жылдан 15,2 пайызға арқан. Бұл туралы баспасөз брифингте қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов айтты.
Шағын және орта кәсіпкерлік бағытында өндірілген өнімнің көлемі 2023 жылдың жартыжылдығында 1,1 трлн теңгені құраған. Мұны былтырғы уақытпен салыстырғанда 32,9 пайызға артқаны байқалады.
2023 жылдың 10 айдың қорытындысымен Шымкент қаласына 514,3 млрд. теңге инвестиция тартылып, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 122%-ды құрады.
2023 жылы 721,7 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 32%-ға артады деп күтілуде.
Шымкентте 2023-2027 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 1,8 трлн. теңгеге 275 инвестициялық жобаның пулы жасақталды. Онда жаңа 32 мыңнан аса жұмыс орындары ашылады. Оның ішінде, 2023 жылы құны 128 млрд. теңгені құрайтын 48 инвестициялық жоба іске асырылып, 3 108 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда.
Бүгінгі таңда аталған жобалардың ішінде жалпы құны 45,2 млрд. теңгені құрайтын 22 инвестициялық жоба 1317 жаңа жұмыс орнымен іске асырылды.
2023-2027 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсібі салаларында 401,5 млрд. теңгеге 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 103 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды.
Осы жылы жалпы құны 14,6 млрд. теңгеге 413 жаңа жұмыс орнын құрумен 14 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланды. Бүгінгі таңда 10,7 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылды.
Қала аумағында жалпы аумағы 869 гектарды құрайтын 5 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Оның 358 млрд. теңге сомасына 337 жоба іске асырылуда. Бүгінгі таңға 216 млрд. теңгені құрайтын 273 жоба 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орнымен іске асырылды.