Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Халықаралық әйелдер күнінде еліміздің дамуына үлес қосып, түрлі салада еңбек сіңірген аналарды арнайы мерекемен құттықтады.
Қала басшысы ең алдымен ғасыр куәгері, тыл ардагері Айымкүл Орынбаеваны шаңырағында мерекемен құттықтап, сый-сыяпат көрсетті. Көп балалы кейуана ризашылығына білдіріп, алғысын жеткізді.
«Ананың жүрегінен тараған мейірім мен шапағат, ақыл, парасат бізді жігірлендіре түседі. Отбасының ұйытқысы болып, елдің өркендеуіне үлкен үлес қосқан еңбектеріңіз құрмет пен марапатқа лайық. Көктем мерекесінде Сіздерге ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға ырыс-береке тілеймін»,- деді қала әкімі.
Ұзақ жылдар ұстаздық етіп, ұлт болашағы үшін еңбек еткен ардақтылардың бірі — Зоя Мұсылманқұлқызы. Жарқын жүздесуде Зоя әжей қала басшысымен ел болашағы, жас ұрпақтың тәрбиесі турасында тағлымда әңгіме өрбітті.