Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің аудан тұрғындарымен кездесуі жалғасуда. Кезекті кездесуге Еңбекші ауданының Абдуллабад, Базарқақпа, Тұрдыабат, Бадам-1, Айнатас, Жыланбұзған, Тоғыс, Елтай, Маятас тұрғын алабы және Шаңырақ шағынауданының тұрғындары қатысты. Әуелі қала әкімі 2021 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инженерлік-инфрақұрылыммен қамтылуы туралы баяндап, осы жылғы жоспарларды мәлімдеді. Аудандағы 35 елді мекенде 300 мыңнан астам халық қоныстанған. Елді мекендердің ауыз сумен қамтылуы 94,4%, сапалы электр 96,5%, табиғи газ 90,7% және кәріз жүйесімен 57 пайыз қамтылған. Елді мекендерді инфрақұрылыммен толық қамтуылуы туралы аудан әкімі Д.Есілбек баяндап берді. Кездесуде тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтардың әрбіріне қала басшысы нақты жауаптар берді.Жиын соңында М.Әйтенов әрбір тұрғынның талап-тілектері ескерілетінін, күрделілігіне байланысты орта және ұзақ мерзімде қаралатынын жеткізді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі