Ұрпақтар сабақтастығы – бұл тек уақыт арасындағы көпір ғана емес, ұлт тарихы, мәдениеті, дәстүрі мен құндылықтарының буыннан-буынға үзілмей жалғасуы. Әрбір ересек адам өзінен кейінгілерге ақыл-кеңес, тәлім-тәрбие беріп, олардың өмір жолына бағыт-бағдар көрсетеді. Осы арқылы болашақ ұрпақтың санасына адамгершілік, адалдық, еңбекқорлық сияқты қасиеттер сіңіріледі. Қарттарымыздың өмірлік тәжірибесі мен жастардың энергиясы және инновациялық ойлары біріккенде, қоғам жаңа биіктерді бағындырады. Бұл сабақтастық тек отбасылық деңгейде емес, жалпыұлттық деңгейде де маңызды. Тамырын тереңге жайған ағаштың бұтағы берік болатыны сияқты, өз тарихы мен әдет-ғұрпын сақтаған мемлекеттің болашағы жарқын болады. Елді бірлікке, тұрақтылыққа, ізгі бастамаларға да шақыратын осы — қарттарымыз.
Қариялардың өмірлік жолы мен ақыл-кеңестері әр уақытта жас ұрпақ үшін баға жетпес байлық, темірқазық іспеттес. Өмірде көргені көп, түйгені мол қарттарымыздың ақыл-ойы – халқымыздың рухани байлығы. Сондықтан оларға құрмет пен жылулықты аямау қажет.
1 қазан –Халықаралық қарттар күні мерекесі. Уақыт пен ұрпақты жалғастырған, күздің салқын күндерінде жылуын шашқан бұл мереке үлкендерді құрметтеп, қамқорлық көрсететін халқымыздың ежелгі дәстүрін насихаттайды. Қазақта «Қариясы бар елдің қазынасы бар» деген мағынасы терең сөз бар. Осы күні ақ жаулықты әжелеріміз бен абыз ақсақалдарымыз ерекше құрмет пен алғысқа бөленеді.⠀
Ұлы Отан соғысы ардагері Анартаев Амаджан атамызға «1-қазан Қарттар күні» мерекесіне орай ҚІЖБ бастығы Г.Т.Балгынбаев және “Қоғамдық келісім” КММ Сайрам аудандық филиялының маманы Б.С.Батаевпен мерекелік сыйлықтар табыс етті. Олардың ерлігі бізге өскелең ұрпаққа өнегеді үлгілі болып қалуына сенім білдіреміз.
Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында тұратын Ұлы Отан соғыс ардагері Анартаев Ахмаджанмен 1941-1945 жылдар соғыс кезіндегі тарихты сұхбаттасып, отбасының денсаулығын біліп, Сайрам ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы подполковник Г.Т. Балгынбаев өз сөзінде Анартаев Ахмаджан атамызды құттықтап, отбасыларына бақыт, денсаулық, жұмыстарына табыстар тілеп алғысын білдірді.
Бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа аға буын өкілдерінің өмір жолдары үлгі-өнеге. Қарияларымыз данагөй тұлға, саялы бәйтерек! Адам ұрпағымен мәңгі жасайды. Бүгінгі күн – кешегінің жемісі, ертеңгінің өркені.⠀
Бүгінгі ұрпақ үшін жасаған бар жақсылықтары үшін шынайы алғыс. Кейінгі ұрпақты ізгілік пен мейірбандылыққа, Отанымызға адал қызмет етуге, айналадағы адамдардың өмірге, қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруға үйретіп келеді.. Егемен еліміздің жарқын болашағына сеніммен қарауды, жақсы күндерді еселі еңбегімізбен жақындатуды біз аға буын өкілдерінен үйренеміз.
Қарттары бар ел – бақытты ел, байыпты ел. Қай кезде де, небір сын сағатта да халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз аман жүрсін, ұрпағының қуанышына бөленсін! Баршаңызға мықты денсаулық, сәттілік пен ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақыт, береке, бірлік тілейміз!