БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 жылғы 15 желтоқсандағы №45/106 Қаулысына сәйкес елімізді «Қарттар күні» өткізілуде. Осыған орай азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері арасында Қаттар күніне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Қарты бар үйдің қазынасы бар демекші, қарттарға сый-құрметті арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау – іс-шараның негізгі мақсаты болды.Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін және әрбір азаматтың құрметті парызы және қасиетті міндеті. Сондықтан, кадр саясаты басқармасы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университеттің рухани жаңғыру және тәрбие бөлімінің басшысы тарих ғылымдарының кондидаты Қайрат Сапарханұлы Анарбаевты арнайы қонаққа шақырды. Қайрат Сапарханұлы аталған мерекенің шығу тарихын және «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» ете білген, бізге тағылымды жол көрсеткен аға ұрпақтың берген тәрбиесі мен тәлімі мол екенін айтты.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының жіктеуіне сәйкес, қарт адамдарға 60 пен 74 жас, кәрілерге 75-89 жас аралығындағылар, ал ұзақ жасаушыларға жасы 90-нан асқандар кіреді. Бүгінгі таңда Қазақстанда 65 жастан асқандар халықтың 7,5 пайызын құраса, ал 2030 жылы 11,5 пайызын құрайтын болады.
Қарттарға қайырымдылық көмек берушілердің саны жылдан-жылға көбейіп, әлеуметтік көмек алушылар саны да арта түсуде. Осының өзі қоғамымызда қарттарға деген қамқорлықтың, оларға деген жанашырлықтың арта түскенін айғақтайды.Сонымен қатар, дөңгелек үстел азаматтық қорғау органдарының ардагерлерін құттықтап, сый-сыйапат табыстаумен жалғасты.
Б.Камбаров азаматтық қорғау подполковнигі Кадр саясаты басқармасының бастығы