Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласының қауіпсіз жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында тиісті жұмыстар тұрақты түрде атқарылып келеді.
Жалпы қала көлемінде 284 бағдаршам нысаны болса, ағымдағы жылы қажеттілігі бар аймақтарға қосымша 12 бағдаршам орнатылды. Сонымен қатар, қала көшелеріне жалпы 450 шақырым жол таңбалары сызылып, 4000 дана жол белгісі орнатылды. Келер жылғы жоспарға сәйкес, 15 аймаққа бағдаршам орнату жоспарлануда.
Естеріңізде болса, 2021 жылы Шымкент қаласы бойынша 200 орынға 800 «Сергек» камерасы орнатылған болатын. Биыл да қала аумағында құқық бұзуды тіркеуге арналған автоматты камералар желісін кеңейту бойынша 50 орынға 200 дана«Сергек» камерасын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Қаламызда қауіпсіздік шаралары жыл сайын жүйелене түспек. Шымкент ҚПД Әкімшілік полиция басқармасы Жол техника инспекция бөлімінің қызметкерлері қала көшелерінде зерделеу жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді.
Осы жұмыстардың аясында қалада көптеген жол белгілері қойылып, қаіпсіздік шаралары іске асырылып жатыр. Қазіргі кезде Шымкент қаласы М.Сматлаев көшесінде жол жүрісі қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында ҚР Жол жүрісі қағидаларының 1.16.1 (жасанды бұдырлық) жол белгілері орнатылды. Сондай ақ Шымкент қаласы Нұртас шағынауданы жол жүрісі қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында ҚР Жол жүрісі қағидаларының 1.16.1 (жасанды бұдырлық), 5.16.1-5.16.2 (жаяу жүргінші өткелі) жол белгілері орнатылды.
Заңға бағынып, жол ережелерін сақтау әркімнің міндеті. Қоғамдық тәртіпті сақтап, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету полиция қызметкерлерінің назарында. Құрметті қала тұрғындары мен көлік жүргізушілері, Сіздерді жол белгілеріне назар салып, жол ережесін қатаң сақтауға шақырамыз.Жол қателікті кешірмейді.