Көші-қон– адамдардың тұрғылықты мекенінен әр түрлі себептермен басқа жерге қоныс аударуы, көшіп-қонуы. Қазіргі кезде көші-қонды туғызатын себептердің ішіндегі ең бастысы экономикалық себеп болып отыр. Халықтың көшіп-қонуы ежелгі заманнан бері бар. Көші-қон тұрғылықты халықтың да, көшіп кетушілердің де тұрмыс деңгейіне, халықтың демографиялық және әлеуметтік құрылымына, қоныстануына, этнографиялық құрамының өзгеруіне елеулі ықпал етеді.
2015 жылдан бері «Қуатты өңірлер-Ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында мемлекетіміздің жұмыс күші жетіспейтін Солтүстік өңірлеріге көшуге ниетті аудан тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп келеді. Солтүстік өңірлерде еңбек ұтқырлығын арттыру мақсатында оңтүстік аймақтардан ерікті қоныс аудару саясаты жүзеге асуда. Бұл мақсатқа мемлекет тарапынан көлемді көмек түрлері қаралып, оның ішінде жол шығындары, баспана, жұмыспен қамту және бизнес бастамаларын қолдау мәселесі толық қамтылған.
Шымкент қаласында солтүстікке ерікті түрде қоныс аудару жайында мәлімет беру үшін Әл-Фараби ауданы мансап орталығының мамандары шағынаудандарды аралап, тұрғындарға түсіндірме жұмысын жүргізіп келеді.
Бүгін аудандық мансап орталығының мамандары Орталық саябақ пен Тәуке хан даңғылында болып, тұрғындарға жоба жайында мәлімет берді.
Қазір елімізде тұжырымдама шеңберінде оңтүстік өңір халқын ерікті түрде Солтүстік өңірлерге қоныстандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Биыл Әл-Фараби ауданында аталған жоба бойынша бойынша 63 отбасыны 250 адам Солтүстік өңірлерге ерікті түрде қоныстандыру жоспарланып отыр. Тұрғындарға бұл жөнінде ақпараттық парақтар таратылып, жоба туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Айта кетейік, қоныс аударушыларды қабылдап жатқан аймақтарға – Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды мен Абай облысы кіреді. Мұнда өз кәсібін ашамын деушілерге егін, мал шаруашылығымен шұғылдануға жер телімдері, бос тұрған ғимараттар ұсынылуда.