Бір және көп рет пайдалануға болатын қорғаныш костюмдерінің өндірісі туралы әңгімелейміз деп хабарлайды ҚР ИИДМ Баспасөз орталығы.
Қазақстанда қазір 6 кәсіпорын айына жарты миллионнан астам қорғаныш костюмдерін өнім шығарады. Олар Алматы және Шымкент қалаларында, Павлодар, Орал және Алматы облыстарында орналасқан.
ҚР ИИДМ Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында осындай тағы екі өндіріс ошағын ашуға қолдау көрсетуде. Оларды іске қосқаннан кейін айына қосымша 344 мың костюм шығарылады.