ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және Халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына бақылау жүргізілді.
Бақылау кезінде, мемлекеттік қызмет көрсету жағдайымен танысып қызмет алушылардың өтініштерін қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы, мемлекеттік қызмет алу кезінде кезекті ұзақ күтуін барынша болдырмау және т.б. мәселелер қаралып, қызмет алушылардың өзекті пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмысын жетілдіру қажеттігі және пандус пен шақыру батырмасы талаптарға сай келтіру туралы ұсыныстар айтылды.
Айта кету қажет, Департамент тарапынан алдағы кезеңде халыққа мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақытылы көрсетілуі бақылауда болады.
Қоғамдық бақылау — қоғамдық бақылау субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен нысандарда жүзеге асырылатын, қоғамдық бақылау объектілерінің актілері мен шешімдерін талдауға және қоғамдық бақылауға, сондай-ақ ұсынымдар әзірлеуге бағытталған қызметі. Яғни, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар беру, сонымен қатар, анықталған бұзушылықтарды жою болып табылады.
Осы ретте, Департамент Түркістан қаласы әкімдігінің Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді.
Қоғамдық бақылауға Түркістан облысының қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары З.Чалданов қатысып, аталған мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсету жағдайымен танысты. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсетудің қолайлығына шолу жасалды.
Бақылау барысында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмысын жетілдіру қажеттігі және пандус пен шақыру қоңырауы талаптарға сай келтіру туралы ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ, жұмыс тобының мүшелері қызмет көрсетуде жұртшылыққа қолайлы жағдай жасау, әр қызмет алушының мәселесіне мұқият қарау керектігін ұсынылды.