Сауран ауданының Қоғамдық кеңесінің Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің қатысуымен кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде «Сауран ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын, елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэфициенттерін бекіту туралы» аудандық маслихаттың шешім жобасы талқыланды. Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы С.Асылхан күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндап өтті. Қоғамдық кеңес мүшелері Сауран ауданының елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын түзету коэффициенттеріне өзгерістер енгізілсін деген ұсыныс берді.