Сыр елінде педагогтар арасында корнавирусқа қарсы вакцина салу қарқын алып келеді. Білім саласында қызмет ететін, балалармен тығыз қарым қатынас орнататын педагогтар ерікті түрде екпе ектіруде деп хабарлайды Қызылорда облысының әкімдігі Баспасөз орталығы.
Аймақ бойынша 15 сәуірге дейін 4226 педагог вакцина алды. Оның ішінде қала, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, орынбасарлар, мұғалімдері бар.
Ақпан айынан басталған екпе жұмыстары қала, аудандарда жалғасып жатыр. Осы кезге дейін мұғалімдер арасында екпенің кері әсерінен ауырған мұғалімдер тіркелмеген.
Айта кетейік, вакцинаны тек мектеп мұғалімдері ғана емес, балабақша тәрбиешілері, колледж педагогтары да ерікті түрде алуда.