Қызылордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті баға белгіленуде

азық-түлік

Қызылорда өңірде кейбір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларынының қымбаттауына байланысты шекті баға белгілену бойынша тиісті шаралар қабылдануда деп хабарлайды Қызылорда облысының әкімдігі баспасөз орталығы.

Осы бағытта ағымдағы жылдың 15 наурыз күні комиссия отырысы өткізіліп, СI санатты тауық жұмыртқасына 430 теңге, күнбағыс майының литріне 632 теңге мөлшерде шекті рұқсат етілген бағасын белгілеу жөнінде шешім қабылданып, облыс әкімдігінің қаулысы бекітілуде.

Облыс әкімдігінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы» қаулыжобасына сәйкес, осы өнім түрлерінің рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары 90 күн мерзімге дейін әрекет етеді..

Қазіргі таңда, НҚА талаптарға сәйкес тиісті органдармен келісілу үстінде.