Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектепте «Жасөспірім жəне қылмыс» тақырыбы бүгінгі күні маңызды болып саналады. Өкінішке орай кейбір жасөспірімдер қылмыс пен құқық бұзушылықтың арты неге əкеліп соғатынына аса мəн бере қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру -мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімдерді жаңа рухта, жаңа көзқараста тəрбиелеуден айқын көрінеді. Мектебімізде «Қылмыссыз балалық шақ» атты онкүндік жоспары аясында, 9 «Ғ» сынып жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Балажанова Айгул Канаевна және ата — аналары Питаева Қарлығаш, Досболова Нұрсәуле оқушыларымен «Қылмыссыз жарқын болашақ» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты: оқушыларға қылмыс туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылык істерге бармауға, бойларындағы адами қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсулері керек екенін түсіндірді.
Сонымен қатар мектебімізде «Қылмыссыз балалық шақ» апталығы аясында қазақ тілі пән мұғалімі Н. Шанетованың ұйымдастыруымен 10«Б» сыныбының оқушылары А.Ермекова және А.Макулбековалар «Қылмыссыз жарқын балалық шақ!» тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Оқушылар «Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері» туралы өз ойларын еркін жеткізе білді және де «Жасөспірім және заң» тақырыбында постер қорғады. Тәрбие сағатының басты мақсаты оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге баулу, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами қасиеттерін сақтауға, тәртіпті тұлға болып жүруге тәрбиелеу.
Сондай ақ онкүндік жоспары аясында, 10 «А» сынып жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Өмірбаева Айгул Абдуллақызы оқушыларымен «Қылмыссыз жарқын болашақ » тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Соңғы кезде жасөспiрiмдер мен мектеп оқушылары арасында болып жататын келеңсiз жағдайлардың жиiлеп кеткенi, оның соңы заң бұзушылыққа әкеп соғатыны туралы айтып, ҚР құқық бұзушылық Кодексімен таныстырды. Қылмыс қайдан шығады? Оны болдырмаудың жолдары қандай? деген сұрақтар төңiрегiнде оқушылар ойларын ортаға салып, пiкiрлерін айтты. Мақсаты: кәмелетке толмаған жасөспiрiмдер арасындағы қылмыстың алдын алу.