Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын! 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы жарлыққа қол қойылды. Тәуелсіздік алған сәттен бастап еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қарулы қақтығыстардың алдын алуға, Қарулы күштерді дамыту мәселелеріне әрдайым ерекше мән беріліп келеді. Қуатты және қабілетті армия – егемен елдің маңызды атрибутының бірі. Әскерилер бейбіт заманға лайық ерлік танытып, алдына қойылған барлық міндетті абыроймен атқаруда. Қадірлі Отан қорғаушылар, туған өлкенің тыныштығын абыроймен күзете берулеріңізге тілектеспін. Жауапкершілік, әділдік пен партиотизмнің жарқын үлгісін одан әрі биіктете беріңіздер.Біздің ортақ борышымыз – халқымыздың басты құндылықтары болып саналатын бірлікті, тәуелсіздік пен тұрақтылықты көздің қарашығындай сақтау.Мерейлі мереке құтты болсын, ардақты отандастар! Еліміздің жарқын болашағы үшін атқарып жатқан игі істеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бақытты ғұмыр тілеймін.
Құрметпен, Түркістан облысының Әділет департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараев