Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың “Жаңа Қазақстан” атты халыққа үндеуінде жарияланған тапсырмалар бойынша Шым шаҺарымызда ауқымды жұмыстар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Яғни сервистік полиция моделіне көшу аясындағы кезекті шараны ұйымдастырдық. Оған полиция басқарма басшыларынан бөлек Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов және ведомствоаралық топтың мүшелері қатысты. Кездесу барысында қауіпсіздік мәселелеріне ден қою бойынша ұсыныстар әзірленіп, мемлекеттік органдар мен басқа да мүдделі тараптар арасында жоспар түзілді. Негізі біз тәртіп сақшылары – азаматтарға сапалы полиция қызметтерін көрсетіп, халықпен тығыз байланыс жасай отырып, қауіпсіздік мәселелерін шешуге бағытталған жұмыстарды тоқтатпауымыз керек. Өйткені полиция – қашанда елдің қорғаны. Полиция азаматтардың проблемаларын шешетін және көмектесетін қызмет болғандықтан, ашылған модульдік полиция пункттері құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан сіздерге сеніммен айта аламын елдің игілігі жолындағы бұл жоба жұмыстары менің тікелей бақылауымда болады.