2021 жылдың 30 қарашасында сағат 15:30 орталық мемлекеттік мекемелердің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменттерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтері мәселелері тақырыбында «ОНЛАЙН ЖӘРМЕҢКЕ» өткізіледі. Жәрмеңке барысында жоғарыда аталған мемлекеттік мекемелер тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тәртіптерін басқарма мамандары егжей-тегжейімен түсіндіретін болады. Сонымен қатар, Facebook және Instagram парақшасы қолданушыларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша сұрақтары тікелей эфирдегі пікірлер бөлімінде қабылданып, жауап берілетін болады. Жәрмеңкеге аталған мекемелердің Facebook және Instagram парақшалары арқылы қатыса аласыздар. Қосымша сұрақтар бойынша 87252537459 телефонына хабарласуға болады.
ҚР МҚІА Шымкент қаласы бойынша департаменті