ҚР ІІМ-нің ұйымдастыруымен Қарағанды академиясында өткен республикалық үздік тергеушілер слетінде жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шыққандардың қатарында біздің әріптесіміз Ерасыл Жақсылықұлы Намазбаев та бар. Республика бойынша 30-дан астам тергеушілер қатысқан бұл сайыста Ерасыл 2 орынды иеленді.
Аталған шараға еліміздің барлық облыстарынан келген тергеуші мамандар бақтарын сынады.Екі күн қатарынан өткен үздік тергеушілер слетіне қатысушылар арасынан ұйымдастырушылар бірнеше сынақтар ұйымдастырды. Олар “Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының теориясы мен практикасы” тақырыбында тестілеуден өту, тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыру, “Менің мамандығым” тақырыбында эссе жазу, сондай-ақ құралайды көзге атқан мергенді анықтау бойынша бірнеше кезеңдік сындардан өтті.
Осы сындардан сүрінбей өтіп үздік тергеушілер қатарынан көрінген әріптесімізді жеңісімен құттықтап, еңбегіне табыс, қызметтік өрлеу тілейміз!
Жеңісті күндеріміз көп болсын!!!